00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Танымал тележүргізуші өзі қатысқан ерекше тұсаукесер жайлы жазды

5 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Танымал тележүргізуші өзі қатысқан ерекше тұсаукесер жайлы жазды
фото: ашық дереккөз

Белгілі продюсер, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бір қыздың тұсауын жеті бірдей адам кескені туралы қызықты дерегімен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info 

Оның сөзінше, мұндай ерекше тұсаукесерді бірінші рет көрген. Олар белгілі продюсер Жан Мұқановтың кенже қызының тұсауын кескен.   

Жан Мұқанов - 7 баланың әкесі, белгілі продюсер, менің досым. Былтыр көкек айында әйелі екеуі кенже қыздарының тұсаукесерін жасады. Ол рәсімге 7 келіншек қатыстық. Біріміз текеметті төсесек, біріміз бөпені алашаға тұрғызып, аяғына білезік тағып, ол білезік арқылы ала жіпті байлап, пышағын әкеліп, тұсауын кесіп, жетектедік. Сондағы ниет - әр әйелдің өзіндік ерекше қасиетін даналығын, нәзіктігін, қайсарлығын  Ханзада қыз бойына сіңірсін дегені ғой, - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.