Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова хейтерлерге жауап берді
Көпке танымал өнер иесі өзін сынайтын адамдарға әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлады Elorda.info.
Ол тек дұрыс сынды қабылдайтынын айтты.
Бір рет болса да жағымсыз пікір жазған жандардан «Не үшін жағымсыз пікір жаздыңыз?» деп сұрақ қойғым келеді. «Мадина осы уақытқа дейін біреуіне де кері жауап қайтармады. Тіпті, қара тізімге салмады» деп, тоқтамай теріс пікір жазатындар бар. Құрметті, менің хейтерлерім! Өміріңіздегі сәтсіздікке, ашулануыңызға әнші Мадина Садуақасованың еш қатысы жоқ. Соның бәрін сізді ренжіткен адамға айтыңыз, жеңілдейсіз! Немесе менің парақшамнан шығып кетіп, теріс пікір жазатын басқа адам табыңыз. Ал мен парақшамда өзімді қолдайтын, шығармашылымды жақсы көретін, құрметтейтін, жаны ашитын, кейде дұрыс сын айтатын жақсы адамдардың қалғанын қалаймын, - деді әнші.
Бұған қатысты өнер иесінің оқырмандары әртүрлі пікір қалдырған.
«Шығармашылық адамының жүрегі нәзік. Оны түсінбейтіндер көп», «Өте дұрыс. Біреуге қалай теріс пікір жазады?», «Иә, дұрыс айтасыз. Ұнамайтын адамның парақшасында отырып қажеті не?», «Сізге қалай негатив жазуға болады?» - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.