«Сіздің әйеліңізге оңай емес»: Нұрболат Абдуллиннің видеосы қызу талқыға түсті
23 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
Танымал әнші Нұрболат Абдуллин қызықты оқиғаның видеосын Instagram парақшасында жариялап, оның астына «Өмір деген қызық қой» деген жазба қалдырды, деп хабарлады Elorda.info.
Видеодан әнші мың бұрала билеген бойжеткенмен билеуге батпай, халықтан оған қошемет көрсетуін сұраған. Бейтаныс арудың әрекеті желіде қызу талқыланды.
«Не болып барамыз қыздар, өздімізді бағалайық», «Ұялып қалыпсыз», «Сіздің әйеліңізге оңай емес. Осындайды көру қандай қиын», «Тамаша билейді екен. Көптеген жастарға үлгі», «Ерсілеу көрінеді екен», «Әншінің қасына шығып алғаны несі?», «Биші болған кезінде кыз бала», «Нұрболат өзін нағыз ер азаматтай салмақты ұстапты», - деп жазуда оқырмандар.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты