00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Сөйлеспей жүрміз»: Әлішер Кәрімов сүйген қызы Астанада тұратынын айтты (ВИДЕО)

21 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Сөйлеспей жүрміз»: Әлішер Кәрімов сүйген қызы Астанада тұратынын айтты (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Әнші Әлішер Кәрімов «1001 түн» бағдарламасында сүйген қызы туралы айтып, оның Астана қаласынан екенін жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Бағдарлама барысында ол «Сен маған керексің» әнін орындады. 

Осы сәтте тележүргізуші: «Сізге кім керек? Құпияңызды ашыңыз енді. Той қашан, биыл ма?» - деп сұрайды. 

Әрине, әр адамға махаббат керек. Сезім білдіретін «сені сүйем, ғашықпын, сен ұнайсың» деген сөз көп. Ал «сен маған керексің. Жанымда болу керексің. Немере сүйген кездерде, жұмақта жүрер бақтарда керексің» дейді. Бұл сөздерді айтатын адам бар ғой. Егер ол адам болмаса, осындай сезіммен тітіркеніп ән айтпаймын. Құдай қаласа, той альбомын шығардық. Әзірше сөйлеспей жүрміз. Бірақ мен жылдың аяғына дейін бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Қуанышпен келеміз. Ол - Астанада. Ешкім ешкімді ренжіткен жоқ. Бірақ үзіліс алып, ойланып, қайта қосылатын кез болады, - деп жауап берді әнші.