«Правасы жоқ...»: Төреғали Төреәлі әйеліне темір тұлпар сыйлады
5 қазан, 2023
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Танымал әнші Төреғали Төреәлі әйелі Толқынға автокөлік сыйлады. Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
«Толқын менің мән берген өміріме,
Құтты болсын айтайық көлігіне.
Анамды той-думанда ап жүрсін деп
Ат мінгізіп жатырмыз келініне», – деп жазба қалдырды әнші жүктеген видеоның астына.
Желі қолданушыларының бірқатары Толқынға құтты болсын айтса, кейбірі Төреғалидың өткен ісін еске түсірді.
«Құтты болсын айтайын жеңешемнің көлігіне, Төрешімнің мән берген өміріне, Өзінің правасы жоқ болған соң, Ат мінгізді анасының келініне», «Правам жоқ, енді келіншегім айдасын де», «Өзіңде енді көлік айдауға рұқсат болмаған соң көлікті Толқынға бердің бе», «Жұғысты болсын маған да»,- деп жазды желідегілер.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты