00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

«Осы күнді ұзақ күттім»: Абай Бегейдің қызы әкесіне ерекше сыйлық жасады

17 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Осы күнді ұзақ күттім»: Абай Бегейдің қызы әкесіне ерекше сыйлық жасады
коллаж Elorda.info

Танымал әнші Абай Бегейдің екінші қызы Сымбат өзінің Instagram парақшасында әкесіне сыйлық жасағаны туралы бейнежазба жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Әншінің үлкен қызы Ерке ағасының тойына шашу деп әкесіне 1 миллион теңге табыстаса, Сымбат та әкесіне тосын сый жасайды.

Сөзсіз… Осы күнді ұзақ күттім, ішіме сыймай. Сәуірден бастап блогымды жүргізіп, бірнеше бутиктерге модель болып, жарнамасын жасап тірнектеп жинадым. Ақтауда жүргенде де шетінен саумай тек осылай Той алдында папаны қуантамын деген мақсат болды. Тосын сый деп Меккеге жолдама алып беремін деп жүр едім, папаның кестесін білмегесін өзіне беру дұрыс болар деп шештім. 15 жасымда осылай ағамның тойының бір шетін көтере алғаныма іштей қатты қуанып тұрмын, – деп жазды ол.

Әсерлі бейнежазба желі оқырмандарын тәнті етті.

«Осындай қыздардан қалай айналмайсың. Алла тіл көзден сақтасын! Осындай ұрпағымызға үлгілі болып жүре бер», «Әкеге осыдан артық қандай бақыт керек. Ақылды қыздар», «Мендеде 3 қыздан соң ұлды болдым! Маған да жұғысты болсын», «Бақытты Әкесіз осындай алтын қыздарыңыз бар», – деп жазды оқырмандар.