00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әнші Салтанат Бақаева қанша қаламақы алатынын айтты

20 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әнші Салтанат Бақаева қанша қаламақы алатынын айтты
коллаж Elorda.info

Бұл туралы ол «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

Шүкір, ризығым тойдан, қыз ұзатудан келіп жатқаны рас. Ол да кездейсоқ шыққан дүние. Әдейі қыздарды ұзатуға ән жазайыншы деген оймен жазылмаған. Өзімнің құрбым тұрмысқа шығып жатты. Сол тойға Нұржан бара алмай қалды. Мен жалғыз болсам да халық ән сұрайды ғой, жеке ән жазайын деп ойладым. Сол мақсатпен өзімнің досым, композитор Ерхан Алданазаровқа бардым. Бір аптаның ішінде «Әгугай құрбым» әнін жазып берді. Толықтай тегін келген дүние. Заңды түрде бұл ән менікі, менің атымда. Осылай шыққан ән, көрерменнің көңілінен шығып кетті, - дейді әнші. 

Қыз ұзату тойларында сұранысқа ие әнші той мен кинодан алатын қаламақысын да жасырмады.

Тойға 1 миллион теңгеге шығамын, ал актриса ретінде киноға түсетін болсам, бір күні 150 мың теңге. Бұл орташа баға, - дейді Салтанат Бақаева.