Меруерт Түсіпбаева сұхбат беру үшін қаржы талап еткенін мойындады
Осыған дейін әнші Меруерт Түсіпбаеваның сұқбат беру үшін тележүргізушіден қомақты қаржы сұрағандығы туралы ақпарат шыққан болатын, деп хабарлады, elorda.info
Осы ақпаратқа қатысты әншінің өзі "1001 түн" бағдарламасында бұл ақпаратты растап, жағдайдың шын мәнінде солай болғанын ашық айтты.
Youtube арнасы ол кісіні асырап отыр. Егер мен Youtube арнамды дамытатын болсам, маған ақша түседі. Ол кісі бес жылдан бері менен сұқбат сұрайды. Мен оған "200 мың бересің. Мен екі аурушаң балаға 100 мың теңгеден бөліп беремін. Чегін әлеуметтік желіге саламын. Сонымен сен балаға көмектесемін. Мен саған көмектесемін" деймін,- деп жазды әнші.
Сонымен қатар әнші кейінгі жылдары сұхбат беру бағасын біршама көтергенін де жасырмады.
Басында 200 мың теңгеден бастадым. Ол "200 мың теңге жоқ. Ондай ақша қайдан?" дейді. Youtube арнасы үшін ақша түсіп тұрады. Сол үшін мен әділ деп ойлаймын. Бес жылдың ішінде 700 мың теңгеге көтердім. Сол уақытта Мумбайға емделуге кетіп бара жатқан балаға ақша жинап жатыр едік. Сол ақшаны берсе, аудара салайын деп ойладым. Ақшаны аударып, өзіне чекті беретін едім", - деді Меруерт Түсіпбаева.