«Мұрты бұзылмаған»: Ләйлә Сұлтанқызы қыз күнінде киген етігін көрсетті

Бүгін, 10:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Мұрты бұзылмаған»: Ләйлә Сұлтанқызы қыз күнінде киген етігін көрсетті
Фото: instagram.com/sultankyzy

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы балалық шағында киген аяқ киімін көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz

БАҚ өкілі ескі заттардың сондай бағалы екенін айтып берді. 

«Байқасаңыздар, үлкен кісілер ескі заттардың құндылығын жиі айтып отырады. Тіпті тастауға қимайды. Өзіміз де арасында сондай болып барамыз ба деп қалжыңдап қоямын. Мысалы, мына етікке 45 жыл болыпты. 1980 жылы кидім. Үш ұрпақ киген. Қазір Мәриям киіп жүр. Ерлан мен Русланның балалары да киді. Шешем айтпақшы, «мұрты бұзылмаған» етігіміз сияқты сіздің үйіңізде әжеңізден, атаңыздан қалған қандай зат (киім) бар?! Сақтайсыз ба, айтып отырасыз ба?», - деп жазды журналист. 

Желі қолданушылары балалық шағынан бері сақталған түрлі бұйымдарын жарыса жазып жатыр. 

«91 жастағы атамның жатқан бесігі бар», «Менде де осындай етік болған», «Сол кездегі киімдердің сапасы қандай керемет», «Анамның 1982 жылы алған дастарханы бар, әлі жыртылмаған», «1951 жылғы тігін машинасы әлі істеп тұр», «Әжемнің қолдан тоқыған жүн шұлығын қызым киіп жүр. 35 жылдан бері ескірген емес», - деп жазды көпшілік. 

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы күйзелісте жүрген жандарға үндеу жасап, ақыл-кеңесін айтқан болатын.