«Тартынбаңызшы»: Ләйлә Сұлтанқызы көпшіліке үндеу жасады
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жаңа жазба жариялап, маңызды мәселені көтерді. Ол күйзелісте жүрген жандарға үндеу жасап, ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасы арқылы оқырмандарымен байланысқа шығып, күйзеліске бей-жай қарамау керек екенін алға тартты. Ол уайым мен өкпеге беріліп кеткен жандарды көмек сұраудан тартынбауға шақырды.
«Тартынбаңызшы, өтініш. Жаныңыз күйзелісте болса, жүрегіңіз тыныштықты аңсаса, уайым мен өкпе жегідей жесе, тіпті өз-өзіңізді жоғалтып бара жатқаныңызды сезе тұра, бөлісуден, көмек сұраудан, жақыныңызға хабарласудан тартынбаңызшы. Әлемдегі проблеманың ешқайсысы адам өмірінің құнындай емес! Сіз бәріне керексіз. Мен бұл ойыммен неге бөліскенімді алматылықтар жақсы түсінеді. Себебі, танымал аспаз Бага есімді жігіттен айырылдық…», - деп жазды Л.Сұлтанқызы.