«Өкініп қалдым...»: Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен не үшін ажырасқанын айтты
«НТК» арнасындағы «Ozmz ғой» жобасы 8 қыркүйектен бастап эфирге жол тартты. Жаңа бағдарламаның алғашқы қонағы актер Жахан Отарғалиев болды, деп хабарлады Elorda.info.
Бағдарлама барысында танымал актер «КешYOU» тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидашпен не себепті ажырасқаны туралы айтты.
Біріншіден, біз халық алдында жүрдік. Мен ешқашан, қалай қиналсам да, отбасыммен хайп жасамаймын. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ол кез келген нәрседен шығып кетуі мүмкін. Аллаға шүкір, біз жақсы өмір сүрдік. Қазір біздің арамызда болып жатқан жанжал тек екеуімізге қатысты. Ол екеуіміздің арамызда қалуы тиіс. Қазір «Өзі жоқтың – көзі жоқ» деп, екеуміз жайлы айтып, өзімді күшті қып көрсетіп қойғаным болмайды. Ол видеоны негізі әлеуметтік желіге салмаймын деген едім. Эмоциямен кетіп қалды. Ертесіне неге істедім деп, өкініп қалдым. Біз бет жұлысып, соттасып жатқан жоқпыз. Түсініспеушілік болды. Қазіргі таңда бір-бірімізді көшеде кездестірсек, танымай өтетіндей жағдайда емеспіз. Өте жақсы қарым-қатынастамыз, – деді Жахан Отарғалиев.
Сонымен қатар ол халықтан Бидаш екеуі үшін дұға тілеуді сұрады.
Тағы бір айта кетерлігі, «екі жастың арасына есі кеткен түседі» және екеудің ажырасуын ең жақсы көретін – шайтан. Сондықтан бізді жақсы көрсеңіздер, құрметтесеңіздер, біздің бірге болуымыз үшін дұға тілеп, жақсы тілек айтсаңыздар, оның қабыл болуы әбден мүмкін, - деді ол.
Айта кетейік, осыған дейін Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен айырылысқанын ресми түрде растаған болатын.