«Кіндік шешесі ақын»: Айнұр Тұрсынбаева Ерке Есмахан мен RaiM-ның үшінші ұлына жыр арнады
Фото: Айнұр Тұрсынбаева, Ерке Есмахан мен RaiM/Instagram
Айтыс ақыны, блогер Айнұр Тұрсынбаева Ерке Есмахан мен RaiM-ның бүгін дүниеге келген үшінші ұлы туралы желіге жүрекжарды жазба қалдырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол жазбада өзінің кіндік шеше атанғанын көпшілікке жариялады.
«Менің кіндік баламның тұп-тура мен Алматыға келген күні дүниеге келгенін айтсаңыздаршы... Мені күтіп жатқан ғой деп қоймасаң... », - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Сондай-ақ дүние есігін жаңа ашқан нәрестеге өлең жолдарын арнады.
«Әкесі дүлдүл,
анасы бұлбұл!
Кіндік шешесі ақын,
Өзі Батыр!
Қазаққа жақын
Ұл туып жатыр...
Әр шаңыраққа осындай Батыр тіледім», - деген ақжарма тілегін арнады ақын.
Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан үшінші ұлын дүниеге әкелгенін жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты
18 қазан, 2025
“Жаңа кезеңге жол ашты”: Кәмшат Жолдыбаева көрерменнің көкейіндегі сұраққа жауап берді
16 қазан, 2025
«Үш жылдың жемісі»: Ерке Есмахан Raim-мен отау құрғандарына үш жыл толғанын айтты
15 қазан, 2025
«Сен кішкентай баланың тірлігін жасадың»: Димаш желіде қазақ тіліне қатысты жазба жариялады
