Ерке Есмахан үшінші сәбиін дүниеге әкелді

12 маусым, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ерке Есмахан үшінші сәбиін дүниеге әкелді
Фото: Ерке Есмахан/Instagram

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан 40 жасында үшінші сәбиін босанды. Қуанышты жаңалықты желіде жұбайы RaiM жазды. Ол нәрестемен түскен суретін жариялаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Instagram желісінде жарияланған фотодан RaiM жаңа туған сәбиінің қолынан сүйіп отырғанын байқауға болады.

«Қош келдің, ұлым. Райымбек Батыр», - деп жазды ол фото сипаттамасына.

Желі қолданушылары, оның ішінде отандық шоу-бизнес өкілдері ерлі-зайыптыны құттықтап, ақжарма тілегін жазып жатыр.

«Жиеннің бауы берік болсын! Райым, Ерке, батырларың ел сүйетін, елі қадірлейтін азамат болсын. Алла қуат берсін», «Менің ұлымнын есімі де Батыр. Бауы берік болсын!», «Құтты болсын, бауы берік болсын, салиқалы, саналы, иманды ұрпақ қатарынан болсын» деп пікір қалдырған әншінің оқырмандары желіде.