00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

"Евровидение” Мальмеге қайта оралады

"Евровидение” Мальмеге қайта оралады
Фото: ашық дереккөз

Байқау 2024 жылдың 7, 9 және 11 мамырында Швецияның оңтүстігіндегі Мальме қаласында өтеді, деп хабарлады Elorda.info ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мальмеге қайта қош келдіңіздер! Мальмеде 2024 жылдың 7, 9 және 11 мамырында үшінші рет Eurovision өтеді», - делінген байқауды ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде.

Жарысты өткізуге Швецияның бірнеше қаласы қызығушылық танытты. Оның ішінде Стокгольм, Гётеборг және Эрншёльдсвик бар. «Евровидения-2024» байқауының атқарушы продюсері Эбба Адилссонның айтуынша, 2013 жылғы жарыстан соң Мальмеде заманауи орындар пайда болған. Сондықтан қонақтар мен қала тұрғындарына мерекелік іс-шараларға белсенді қатысу ұсынылып отыр.

Еуровидение байқауы әнші Лориннің биылғы жеңісінен кейін Швецияда өтпек. Жартылай финал 7 және 9 мамырда, ал финал 11 мамырда Malmö Arena-да өтеді.

Швеция Корольдігі осы уақытқа дейін халықаралық жарысты алты рет өткізген: үш рет Стокгольмде, екі рет Мальмеде және бір рет Гетеборг қаласында.