00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Еркектер, құтырмаңдар»: Танымал журналист талаққа қатысты пікір білдірді

15 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Еркектер, құтырмаңдар»: Танымал журналист талаққа қатысты пікір білдірді
Фото: Дина Төлепбергеннің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген талаққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Талақ, талақ, талақ... деген үш сөздің неге біз үшін мәні бар болып қалды? Кезекті «Сіңіліме сыр»  айдарында осы «талақ» тақырыбын қозғауды жөн көрдім. Шыны керек, өзім осы талақ десе, қатты ашуым келеді екен… Әйелдер-ау, сіңлілерім, біз діни емес, зайырлы мемлекетте тұрамыз. Ата-заңымызда «талақ» деген ұғым түгілі, сөз де жоқ. Сондықтан, бос сөзге бас ауыртпаңдар, - деп жазды журналист.

Сондай-ақ ол кез келген мәселені заң арқылы шешуге кеңес берді. 

Күйеуім үш рет талақ айтты, барар жерім жоқ, үйді босатуға міндеттімін бе? Шынын айтса, талақ десе, менің қатты ашуым келеді. Талақ деген сөзді хабарыма келген келіншектерден жиі еститін болдым. Біздің зайырлы қоғамдағы заңымызда мұндай ұғым атымен жоқ. Сондықтан күйеуіңіз 3 рет тіпті 30 рет тақылдап талақ айтса да, сіз үйден кетуге міндетті емессіз. Талақ айттым деп, тастап кететін еркектерге де алтын сырға. Жұбыңыз жараспаса, заңмен шешіңіз. Ажырасудың АХАТ  бөлімі арқылы жасалатын өзінің процессуальдық рәсімдері бар екенін ұмытпайық. Ал некеңіз ресми жойылған соң үйленгеннен кейін алынған дүние-мүліктердің бәрі теңдей бөлінуі керек. Еркектер,талақ айтып, оп-оңай тастап кетемін деп құтырмаңдар, - деді Дина Төлепберген.