Қазақстанға әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы келеді

10 шілде, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстанға әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы келеді
Фото: Вackstreet Boys/Instagram

1990-2000-жылдардың басында үлкен танымалдыққа ие болған америкалық бойз-бенд Backstreet Boys гастрольдік кестесіне Алматы мен Астана қалаларын ресми түрде енгізді. Атақты Backstreet Boys 21 қыркүйекте «Астана Арена» алаңында өнер көрсетеді. Бұл туралы ақпарат топтың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл топтың Қазақстандағы алғашқы концерті болады. Топтың құрамында – Ник Картер, Кевин Ричардсон, Брайан Литтрелл, Хауи Дороу және Эй Джей Маклин бар. Бағдарламада негізгі хиттер орындалады. Билеттер әлі сатылымға шыққан жоқ.

Айта кетейік, Backstreet Boys әлем бойынша 130 миллионнан астам альбом сатқан. Олар 1990-жылдары танымал болып, 2000-жылдардың басында нағыз шарықтау шегіне жеткен.

Ал тамызда елордаға тағы бір әлемдік қонақ – Дженнифер Лопес келеді. Алдын ала ақпараттарға сәйкес, ол 1 тамызда «Астана Аренада» концерт өткізеді.