Астанада өтетін Backstreet Boys концертінің билеттері қашан сатылымға шығатыны жарияланды

10 шілде, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада өтетін Backstreet Boys концертінің билеттері қашан сатылымға шығатыны жарияланды
Фото: Вackstreet Boys/Instagram

21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтетін Backstreet Boys поп-тобының концертіне билеттер сату 14 шілде күні сағат 12:00-де басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл күні Freedom Bank қосымшасында 24 сағаттық пресейл өтеді. 15 шілдеде сағат 12.00-ден бастап билеттерді Ticketon.kz сайтында сатып алуға болады. Онда 10 түрлі төлем жасау тәсілі қарастырылған, оның ішінде бөліп төлеу де бар.

«Backstreet Boys тобының әлемдік турымен салыстырғанда, Астанадағы концерт билеттері өте қолжетімді болады. Билеттердің бағасы 40 мың теңгеден басталады. Мұндай топтың концертінен ерекше эмоциялар алуға болады деп ойлаймын. Біз алыпсатарлармен, әділетсіз баға қоюмен күресеміз. Бір қолға 4 билеттен ғана сатылады. Яғни, толық ашықтықты қамтамасыз етеміз», — деді «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.