00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

«Ұйқым келмейді»: Рамазан Амантай әннің қалай жазылғанын айтып берді (ВИДЕО)

31 наурыз, 2023
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
«Ұйқым келмейді»: Рамазан Амантай әннің қалай жазылғанын айтып берді (ВИДЕО)

«Түнгі студия» бағдарламасында ;арыққа шыққанына көп уақыт өтпесе де, хитке айналған «Ұйқым келмейді» әні қалай жазылғанын туынды авторы Рамазан Амантай айтып берді, деп жазады Elorda.info.

Оның айтуынша, бұл ән осыдан екі жыл бұрын жазылған. Алайда осы уақытқа дейін өз орындаушысын таппаған екен.

Бұл – позитивті ән. Үш күн әлеуметтік желіге шыққан пікірді позитивті қабылдауға тырыстық. Негатив те, позитив те тең болды. Алғашында орындаушыға (Алина Шакиева) әңгіме айтылды. Негізі бұл ән Алина ханымға дейін жазылған. Ол кісіні мүлде танымайтын кезде, карантин уақытында мәтіні дүниеге келді. Сосын барып Диана Исмаилова атты сазгер досым оған ән жазды. Екі жыл бойы қаншама әншіге ұсынылды, тыңдатылды. Бір қызығы, сол уақытта ешкім сынамады. Сөйтіп, Алина ханым орындағанда трендке айналып кетті. Қатты хайп қуған адам емеспін ғой. Осыған дейін 400-ге тарта әнім бар. Оның кейбірі жарыққа шықпай, әншілердің архивтерінде шаң басып жатыр. «Ұйқым келмейді» деген әніне келетін болсақ, сол кезде бастан өткен оқиғаны суреттедім. Қазір әйелім бағдарламаны қарап отыр, бәрін айтпай-ақ қояйын, - деді Рамазан Амантай.