«Хит - гәлөшім»: Мәдина Сәдуақасова жарты миллион теңгелік аяқ киімін көрсетіп мақтанды
Әлеуметтік желіні шулатып жүретін Мәдина Сәдуақасова тағы да елдің сынына қалды. Бұл жолы өнер иесі қымбат аяқ киімін көрсетіп мақтанып алды, деп хабарлады Elorda.info.
Сәдуақасова Мәскеуде жүр. Бұл туралы ол өзінің парақшасында жазды.
Роза Рымбаевамен Мәскеудеміз. «Роза Бағлановаға 100 жыл» концерті. Инстаграм жоқ бұл елде. Әйтеуір жолдарын тауып осы суретті жүктедім. Шіркін, бұл концерт неге Стамбұлда болмады екен деп жүрмін ғой. Концерттен кейін Айнұр Тұрсынбаеваның тойына баратын, - деп жазды Мәдина.
Оқырмандардың назары бірден әншінің суреттегі аяқ киіміне түсті. Олар өнер иесінің аяғындағы аяқ киім «гәлөшке» ұқсайтынын айтты.
«Қанша мыңның аяқ киімі екен?», «Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды» «Мәскеуді гәлөшпен кешіп жүрмін дейсіз ғой», «Аяғыңыздағы өзіңіздікі ма?», «Мәдина, аяқ киімің бау-бақшаға киюге тамаша екен», «Ауылда 2500 теңгеден түрлі түстері тұр», - деп жазды оқырмандар.
Көпшілік сөз қылған аяқ киім шын мәнінде танымал брендтің соңғы үлгідегі коллекциясынан екен. Әнші аяқ киім сатып алғанын айтып, оқырмандарына, тіпті, бағасын да көрсетті. Оның айтуынша, аяқ киімнің бағасы 462 мың теңге екен.
Менің хит болып жатқан «гәлөшім». Іші жып-жылы, қалың. Өте ыңғайлы, киіп аласың да жүре бересің. Сондықтан бұл деген супер аяқ киім. Бағасын жазып қояйын, — деді Сәдуақасова.