00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Димаш гей болғанда ғой»: Әншінің ирандық жанкүйерлері пікір білдірді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Димаш гей болғанда ғой»: Әншінің ирандық жанкүйерлері пікір білдірді

Жақын арада Алматыда жеке концертін бергелі жатқан Димаш туралы оның ирандық жанкүйерлері әлеуметтік желіде түрлі жазба қалдырған.

«Қазақтың жігіттерінің бәрі Димаш сияқты екен, қазаққа тұрмысқа шыққым келеді!»

«Күйеуім Димаштың концертіне қызғанып жібермей қойды... Түнде бір дауыстан оянып кетсем, күйеуім Димаштың концертін көріп отыр»

«Димаш гей болғанда ғой, шіркін!»

«Димаштың Алматыдағы концертіне бару үшін ата-анамнан ақша сұрап едім, бермей қойды. Туған күніме сыйлаған пежомды сатып жіберемін ғой деймін"

«Қазақ жігіттері өздерінен жасы үлкен әйелге үйлене ме екен, біліп беріңдерші. Димашқа күйеуге шыққым келеді!»

«Қазақстан ирандықтарға виза режимін алып тастады, керемет мүмкіндік! Алматы –  өте әдемі қала! Міндетті түрде бәріміз барайық!»

«Қазір ғана Алматыдағы бір туристік компанияға звондап, Димаштың концертіне барайын деп едім, сол концертті қосқанда, бір апталық тур бар ма? Бағасы қанша болады деп сұрасам, Димаш деген кім дейді?! О, Құдай! Димашты танымайтын қазақ бар екен! Алматыда! Мен достарыма Димашты танымағандарың ұят деп жүрсем...»

«Менің әке-шешем діндар адамдар, ұлттық музыкадан басқа музыканы тыңдамайтын еді. Бір айдың ішінде Димаштың жанкүйері болып шықты!»

«Димаш домбырада орындайтын «Әлқисса», «Балбырауын", «Көроғлы» шығармаларының мағынасын кім түсіндіріп бере алады?»

Димаштың Ирандағы фан-клубының чатынан аударма, - делінген Жәнібек Көпжасардың жазбасында.