00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Бұл – бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі»: Әнші, актриса Ақбота-Нұр күтпеген жазба жариялады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Бұл – бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі»: Әнші, актриса Ақбота-Нұр күтпеген жазба жариялады

Бақ па, сор ма туылғаның қыз болып,

Ныпсы гүл боп шығу қажет мұз жарып.

Аламанға салсаң озар, әй қайдам,

Пешенесі тұрғаннан соң тұзданып.

 

Мен – әйелмін, қырық жан бар бойымда,

Шырқыраймын, талай уайым қойында.

От шарпыса шыдай түсем ерімей,

Себебі мен ұқсап кетем-шойынға...

 

Бәлкім бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар, бәлкім таңдауға келгендегі әлсіздік пен жаңылыс..

Еңлік сияқты күн кешіп жүрген құрбандар қаншама?!, - деп жазба қалдырған Ақбота-Нұрды оқырмандары уайымдап қалды.

«Бәрі дұрыс па, Ақбота? Қойылым ба?», «Не болды?», «Қыз тағдыры қандай қиын», «Қаншама қыз ата-ана үшін, балаларым үшін деп бақытсыздыққа көніп келеді», «Тыныштық па?»,  деп оқырмандары әншіні сұрақтың астына алып, пікірлерін де жазып жатты.