«Өмірге ғашықпын»: Толқын Забирова жол апатынан кейінгі жағдайын айтты (ВИДЕО)
Оқи отырыңыз: «Денсаулығыма зақым келді»: Белгілі әнші жол апатына ұшырады
Қайырлы күн, достар! Осылай басыма күн түсіп тұрған кезде менің қасымда қаншама жанашырым барына, осындай қиын сәтті менімен бірге бөлісіп жатқан жандардың барына көзім жетіп отыр. Сіздерге көп рақмет! Енді ең бастысы - аяқ-қолым сау, сынған сүйектерім жоқ. Мынау мидың шайқалуы деген нәрсемен күресіп жатырмыз. Алаңдамаңыздар, ем алып жатырмын. Осы айтқан тілектеріңізді Алла Тағалам өзі қолдап, еселене алдарыңыздан түссін. Бастарыңызға мұндай күн төнбесін деп тілеймін, – деді әнші.
Оның айтуы бойынша рөлде отырған жандарға ұқыпты, сақ, жауапты болу керек. Өйткені бұл орында бөтен емес, мен емес, өздеріңіздің бір туысыңыз да отыруы мүмкін.
Сондықтан үлкен жауапкершілікпен өмірге қарайық, - деді Толқын Забирова.