Майғазиевтің бетінен сүйіп алған Нұрғали Нүсіпжановтың жас келіншегі ұятқа қалды (ВИДЕО)
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Өткен демалыс күндері өнер жұлдыздары актер Асанәлі Әшімовтің 85 жас мерейтойында бас қосты. Осынау үлкен тойға Нұрғали Нүсіпжанов жұбайымен бірге келді. Халық әртісінің жас келіншегі Сәкен Майғазиевті көргенде оның бетінен сүйіп алды. Ал бұл сәтте «Музарт» әншісі Нүсіпжановпен әңгімелесіп тұрған еді. Мұны көрген көпшілік келіншектің бұл әрекетін әбестік деп санады.
Видеоны Майғазиев Instagram-парақшасында жариялады.
«Көрмейтінді көріп қоясыңдар», «Соны түсінбей қалдық қой», «Жас жігітті сүйіп қалайыншы деген ғой», «Нұрғали ағаға көрсеткен ізетіне ризашылығы деп қабылдадым», «Құлағына бір зат айтып отыр ғо, музыкадан естілмей құлағына айтып жатқан ғо», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Ұқсас жаңалықтар