«Саған деген махаббатымды түсінбейді»: Жұлдыз Әбдікәрімова өз жазбасымен жұртты ойландырып қойды (ВИДЕО)
Оқырмандары оған 4 бала тәрбиелеп отырған әйелге мұндай қылық жараспайды деп айтып салған.
Жұлдыз, ақылды, әдемі келіншексің. 4 баланың анасысың, атпен секіргенің ерсі екен, - деп сынаған оқырманының бірі.
Актрисаның бұған берер жауабы дайын болып шықты.
Кейде біз ұялмайтын жерде ұялып, ұят болатын жерде ұялмаймыз. 4 баланың анасына атқа отырған ерсі емес. Қазақтың кең сахарасында өскен ержүрек қыздардың бәрі аттың құлағында ойнаған. Тіпті, көлік болмаған заманда, 4 емес, 10 баласы бар апаларымызға дейін мініс еткен. Бояушы-бояушы деген сайын сақалымызды боямайықшы, – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сондай-ақ ол тұлпарына арнап жазба қалдырды.
Мені сен ғана түсінесің, тұлпарым. Ал түсінбейтіндер, директке жазған бір оқырманым сияқты «4 баланың анасына атпен секірген ерсі екен» деп, менің жанымды, саған деген махаббатымды түсінбейді. Неге біз көпбалалы аналардың «4 балаң бар, саған болмайды» деп мүмкіндігін шектеп, дамуын тоқтатып, бар дүниеден баз кешкен мүсәпір етіп тастаймыз?! Бала деген анаға берілген масыл емес, асыл ғой» деп мен оларды түсінбеймін. Ең бастысы, мені сен ғана түсінесің, Тұлпарым, - деді актриса.