Гүлзира Айдарбекова: «Мамасының баласы» дегендер сенен үлгі алсын (ВИДЕО)
NUR.KZ хабарлағандай, Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде көлікте кетіп бара жатқан видеосын жариялап, өз ой-толғауын бөліскен. Ол Қайрат Нұртасты орынсыз сынға алатындар одан ананы құрметтеуді үйрену керек екенін айтқан. Продюсер жұлдызды баласының амандығын тілеп, оған аналық махаббатын жеткізді.
Оқи отырыңыз: ”Араларына жалмауыздар түсті”: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың ажырасуы туралы айтты (ВИДЕО)
”Мақтаншақ, істейтін жұмысы жоқ”: Гүлзира Айдарбекова әйелдерге ақыл айтты (ВИДЕО)
Екі күн болды ұлымның осы әнін тыңдасам, көзімнің жасы тыйылмай кетеді. Әлі соңына дейін бітпеген ән. Жүректен шыққан ән жүрекке жететіні анық. Бүкіл өмірімді көз алдыма елестетті. Жан балам, аман болшы. Ана деп шырылдаған жүрегіңнен, құлыншағым. «Мамасының баласы» дегендер ананы құрметтеуде сенен үлгі алсыншы. Әуелі жүректеріңізде бір Алла болсын. Екінші, әрине, ол – ана. Ешбір ананы баласына сынақ беріп қинамасын, - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.