«Адалынан болсын»: Гүлзира Айдарбекова жаңа келінімен таныстырды (ВИДЕО)
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
Белгілі болғандай, продюсердің кіші ұлы Заңғардың таңдауы Жібек есімді қызға түскен. Қос ғашық тоғыз жыл бойы кездескен. Жұлдызды отбасы бірер күн бұрын болашақ құда-құдағиларымен де танысып, тіпті «тәтті шай» рәсімін де өткізген екен.
Оқи отырыңыз: ”Шыдай түс”: Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды (ВИДЕО)
”Енем ренжіп қалады деп...”: Жұлдыз Әбдікәрімова жұрт үшін өмір сүрмейтінін айтты (ВИДЕО)
Сүйінші! Менің бауырларыма айналған, бүкіл сырыммен бөлісетін, құласам - демейтін, көтерілсем - тілекшілерім, қиындықта қолдап-қорғайтын, қуанышымды бөлісетін сүйікті оқырмандарым! Өткен жолы сторисыма салған болатынмын шет жағасын. Енді, мінекей, сіздерден сүйінші сұрағалы отырмын. Нұртас әулетіне тағы бір келін қосылмақ. Есімі - Жібек. Ол сүйіншіме менің кішкентай жүрегім - Заңғар баламызға бақыт тілеп қойсаңыздар болғаны. Жібектің ата-анасына дастархан жайып, алдарынан өтіп, той мәселесі жайында келісім жасадық. Қарапайымдылығы, мінезі өзіміз күткендей болып шықты. Ең бастысы, келін адалынан болсын, - деп жазды продюсер.
Тағы оқи отырыңыз: ”Әже атандым”: Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышымен бөлісті (ВИДЕО)