00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Жиіркенемін!»: Меруерт Түсіпбаева жағымпаз әріптестерін сынап тастады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жиіркенемін!»: Меруерт Түсіпбаева жағымпаз әріптестерін сынап тастады

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазған.

Мен білмеймін, билік ауысты ма, әлде ауыспады ма? Оны, аман-есен болсақ, уақыт көрсетеді. Бір өкініштісі, жағымпаздық қазақтың қанына сіңген қасиет қой, ол өнер адамдарының ортасында да бар. Көп! Мен жиіркенемін ондай мінезді адамдардан. Мысалы, мен ертең бір министрге тұрмысқа шықсам, олар маған көзқарасын тез-ақ өзгертеді. Мен ештеңеге таңқалмаймын. Бұл – өмір.  Анау атақты режиссер, мынау бәленбай жобасы бар продюсер, үндемей отырайын, мені теледидардан көрсетпей қояр, жобаларына шақырмай қояр деп ешқашан жалтақтамаймын. Ол да пенде, мен де дәл сондай Құдай жаратқан пендемін! Ол менен артық емес, бәлкім, дәл бүгін оның асығы алшысынан түсіп тұрған шығар. Түссін! Қуаныштымын! Бірақ бақ пен тақты салмақ қана көтереді! «Ойланыңдар, жігіттер! Баста дәурен тұрмайды» деп кеткен бабаларым. Қазір желіде кезінде Елбасының туфлиін жалап жүргендердің бүгінгі сөздері, жасаған қылықтары мені таңқалдырмайды. Жағымпаздық қазақтың қанында, - деп жазба қалдырған әнші.