00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Зулфухар Ғайыпов: Республика күні – елімізге егемендік сыйлаған ұлы мереке

23 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Зулфухар Ғайыпов: Республика күні – елімізге егемендік сыйлаған ұлы мереке
коллаж Elorda.info

Республика күні қарсаңында Астана қаласы  Қоғамдық кеңесінің төрағасы Зулфухар Ғайыпов  Ұлттық мереке туралы пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Қоғамдық кеңес елорданың  әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша талқылау және шешім қабылдауға қатысады.

Кез келген саяси институт сияқты біздің кеңестің де өз жоспары бар. Біздің жоспарымыз елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен адам құқықтары мен бостандықтарының дамуымен тікелей байланысты болады. Жыл басында жоспар бекітілген. Қазіргі таңда сол жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр.  Биылғы жұмыс жоспарында  көші-қон процестерін мониторингілеу, елордадағы экологиялық ахуалдың жай-күйі,  қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту, тұрақ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы талқыланып жатыр,- дейді Зулфухар Сұлтанұлы.

Қоғамдық кеңес төрағасының сөзінше, еліміздің тұрақты дамуында егемендіктің маңызы зор. 

Соңғы құрылған қоғамдық кеңесті қалыптастыру барысында қоғам тарапынан өте жоғары белсенділік байқалды. Конкурсқа 200-ден астам елордалық белсенділерден өтініш түсті. Осылайша елордалық Қоғамдық кеңесінің 99 пайызы толығымен жаңарды. Әрине, бұл жұмыстың барлығы егемендігіміздің арқасында. Республика күні – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге егемендік сыйлаған Ұлы мереке! Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осындай маңызы бар тарихи дат. Еліміздің көк байрағы көгімізде асқақтап, отанымыздың  келешегі кемел, іргесі берік заман болсын. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы ерен еңбектеріміз табысты, барлық бастамаларымыз сәтті де абыройлы болсын. Отандастарыма зор денсаулық, отбасыларыңызға ынтымақ-береке, істеріне абырой мен сәттілік тілеймін,- деді Зулфухар Ғайыпов.