Әзербайжан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін

Фото: akorda.kz
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады. Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр», - деп жазды Руслан Желдібай.
Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:05
Тоқаев жаңадан тағайындалған Оқу-ағарту министрін қабылдады

Бүгін, 16:04
Президент жаңадан тағайындалған министрге бірқатар тапсырма берді

Бүгін, 15:05
Тоқаев: Италия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық серіктесі

Бүгін, 14:41
Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары награда табыстады