00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тоқаев Sun Seven Stars Investment Group компаниясының басқарма төрағасы У Чжэнді қабылдады

18 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тоқаев Sun Seven Stars Investment Group компаниясының басқарма төрағасы У Чжэнді қабылдады
Фото: дереккөз

Мемлекет басшысы Sun Seven Stars Investment Group компаниясының басқарма төрағасы У Чжэнді қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында қаржы, цифрландыру және онлайн-сауда салаларындағы инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.

Sun Seven Stars Investment Group инвестициялық тобы – Қытайдағы ең ірі жеке медиа және инвестициялық конгломераттардың бірі.