00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Вьетнам Республикасына ресми сапармен барады

19 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Вьетнам Республикасына ресми сапармен барады
фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барады, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.

 

Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады,- делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.