00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

16 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Президентке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы жұмысының қорытындылары жайлы мәлімет берілді.

Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесін жетілдіру және сайлау органдарының кәсібилігін арттыру бойынша Орталық сайлау комиссиясының атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.