Президент Үндістан Премьер-министрін Республика күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық дамуындағы елеулі прогресс пен әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ технологиялық салалардағы жетістіктерін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге достас Үндістан халқының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Президент берік достық байланыстар мен стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-үнді қатынастарының ерекше сипатына назар аударып, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
29 қазан, 2025
Мемлекет басшысы Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды
29 қазан, 2025
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ақордаға келді
28 қазан, 2025
Екі ел бизнес құрылымдарының арасында өзара сенім бар – Стубб
28 қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб «Қазақстан – Финляндия» бизнес форумына қатысты
