Президент Алматы әуежайында күдіктіні ұстаған адамды мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды
фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайынан хабардар екенін жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды», – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған еді. Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.
Ұқсас жаңалықтар
1 қараша, 2025
Ли Зоу: «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы – әлемге үлгі боларлық бастама
1 қараша, 2025
Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
31 қазан, 2025
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
31 қазан, 2025
Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады
