Мемлекет басшысы Үндістан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
18 тамыз, 2024


Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмуды Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Президент Үндістанның елеулі экономикалық жетістіктерін, әлемдегі бейбітшілікті нығайту және орнықты даму ісіндегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген ұзақмерзімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмудың барлық бастамаларына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

17 мамыр, 2025
Шет мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

17 мамыр, 2025
Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

16 мамыр, 2025
Қорғаныс министрі БҰҰ Бас хатшысының орынбасарларымен келіссөздер жүргізді

16 мамыр, 2025
Бектенов шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді