03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мемлекет басшысы Aral Culture Summit көрмесін тамашалады

|
Photo: Фото: akorda.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мемлекет басшысы Aral Culture Summit көрмесін тамашалады

|
Photo: Фото: akorda.kz

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысушылар Aral Culture Summit көрмесін тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен Климат конференциясынан кейін Aral Culture Summit көрмесін аралап көрді.

Аталған алаңда Арал экожүйесін қалпына келтіруге, аймақтың мәдени мұрасын сақтауға және орнықты дамуына ықпал етуге бағытталған бастамалар көрініс тапқан.

Визуальді, сенсорлы және интерактивті тәсілдер арқылы ұсынылған экспозиция Арал маңындағы бай табиғат пен мәдениет жайында сыр шертеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗