00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерлан Каналимов: Мәслихат депутаттары мақсаттарының бірі – сайлауалды бағдарламаларды сапалы іске асыру

Ерлан Каналимов: Мәслихат депутаттары мақсаттарының бірі – сайлауалды бағдарламаларды сапалы іске асыру
Фото: Facebook/Ерлан Каналимов

Бұл туралы AMANAT партиясы Саяси кеңесінің мүшесі және Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, елдің алты саяси партиясы өкілдерінің, сондай-ақ бір мандатты округтерден сайланған депутаттардың қатысуымен II Республикалық мәслихат депутаттарының форумы өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде мәслихаттар мен әкімдіктердің үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтіп, билік органдары мен азаматтар арасындағы диалогтың қажеттілігін ерекше атап өтті», - деді Ерлан Каналимов.  

Ол Президенттің «Негізгі билік тармақтары толық сайлау жүйесіне өтті. Қазақстан тарихында мұндай тәжірибе болмаған. Осындай ауқымды реформа тек біздің елімізде жүргізілуде деп нық сеніммен айта аламыз» деген сөзіне назар аудара отырып, мәслихат депутаттарының алдында Мемлекет басшысы жариялаған реформаларды жүзеге асыруға бағытталған ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын айтты.

 «Мәслихат депутаттарына үлкен міндеттер жүктелуде, олардың басты мақсаттарының бірі – сайлауалды бағдарламаларды сапалы іске асыру және олардың орындалуын тұрақты бақылау», - деді Е.Каналимов.