ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді
2 шілде, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады.
Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорды қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Президент күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Ішкі істер министрі Президентке есеп берді
18 қыркүйек, 2024
Президент Қырғызстанмен өткізу пункттерінде индустриялық кешен құру туралы Заңға қол қойды