Франция президенті Эммануэль Макрон қазақ тілінде жазба жариялады

24 тамыз, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views58
Франция президенті Эммануэль Макрон қазақ тілінде жазба жариялады
Фото: Ақорда

Франция президенті Эммануэль Макрон өзінің X аккаунтында қазақ тілінде пост жариялап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы не туралы сөйлескенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Эммануэль Макрон қазақ тіліндегі жазбасында Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгімесінің егжей-тегжейін хабарлаған.

«Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық. 

Сондай-ақ біз халықаралық жағдайды да қарастырдық: Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын және Оңтүстік Кавказдағы жүріп жатқан келіссөздерді», - деп жазды Франция президенті. 

Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлескен еді.