Тоқаев Словения Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
– Астана мен Любляна арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Сіздің биылғы көктемде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Біз қол жеткізген уағдаластықтар қазақ-словен сан қырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін, – делінген жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:05
Тоқаев жаңадан тағайындалған Оқу-ағарту министрін қабылдады

Бүгін, 16:04
Президент жаңадан тағайындалған министрге бірқатар тапсырма берді

Бүгін, 15:05
Тоқаев: Италия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық серіктесі

Бүгін, 14:41
Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары награда табыстады