Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.
Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Қазақстан мен Грузия волонтерлік жобалар мен кинофильмдер алмасуды жоспарлап отыр

17 қазан, 2025
«Орталық Азия + Жапония»: желтоқсанда Токиода өтетін Саммитке дайындық мәселелері талқыланды

17 қазан, 2025
Тоқаев Халықаралық стандарттау ұйымының бас хатшысын қабылдады

16 қазан, 2025
Қазақстан мен Германия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті