00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ғылымды жақсы көремін»: Тоқаев ғалымдарды қолдайтынын айтты

«Ғылымды жақсы көремін»: Тоқаев ғалымдарды қолдайтынын айтты
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір белсенділерімен пікір алмасты, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентпен кездесу барысында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры Сәрсенбек Монтаев отандық ғылымның жетістіктері туралы айтты.

Қазіргі таңда мемлекетіміз ғалымдарға, әсіресе жас ғалымдарға кең көлемде қолдау көрсетіп жатыр. Соның нәтижесінде менің жетекшілігіммен 10 инновациялық жоба жүзеге асырылуда. Оның екеуі толығымен коммерцияландырылды. Қалғандарының зерттеулері толық аяқталып, қазір өндіріске енгізуге дайын. Ғылыми жобаларымыздың жаңашылдығы 15 инновациялық патентпен қорғалды және ғылыми нәтижелеріміз Web of Science Scopus базасына кіретін шет мемлекеттердегі индексациясы жоғары журналдарда жарияланды. Соның нәтижесінде АҚШ-та Стэнфорд университетінің сарапшылары дайындаған әлемдегі ең беделді ғалымдардың World Ranking of Top 2% Scientists рейтингіне кірдім. Бұл біздің ғалымдардың зерттеулерінің инновациялық деңгейін шетелдік ғалымдарының мойындағаны, бағалағаны деп есептеймін. Алдағы уақытта да Қазақстанның ғылыми әлеуетін әлемдік деңгейге көтеруге және ғылыми жобалардың түпкі нәтижелерінің ел экономикасына жұмыс істеуіне үлес қосамыз деп сенім білдіремін, - деді ғалым.

Осы орайда Мемлекет басшысы жас ғалымдарды қолдайтынын, Жас ғалымдар кеңесі құрылғанын атап өтті.

Жас ғалымдарды жұмысқа шақырамыз. Өте керек нәрсе. Жалпы, өзім ғылым дегенді жақсы көремін. Ғылым саласында жұмыс істеп жүрген адамдарды қолдаймын. Жас ғалымдарды да қолдай беремін. Бұл еліміз үшін, Қазақстан үшін керек нәрсе, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.