Арменияда Қазақстандағы парламенттік сайлау талқыланды
Арменияның Ұлттық кітапханасында наурыз айында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға Ұлттық кітапхананың басшылығы мен қызметкерлері, Арменияның сарапшылар қоғамдастығының, қоғамдық ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қатысушыларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамашы еткен саяси және экономикалық жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы туралы толық ақпарат берілді. Конституциялық реформаға сәйкес жаңа және бәсекелестік жағдайда өтетін парламенттік сайлауды дайындау және өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Армян сарапшылары қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстандағы экономикалық және саяси өзгерістердің маңыздылығын атап өтіп, сайлаудың сәтті өтуін тілей отырып, Қазақстан Республикасы басшылығының саясатын жоғары бағалады.
Ұлттық кітапхана директоры Анна Чулян екіжақты мәдени-гуманитарлық және ғылыми-академиялық байланыстардың үдемелі дамуына назар аударды. Ол Армения мен Қазақстанның ұлттық кітапханалары арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында Астанаға келуге ниет білдіріп, сондай-ақ кітапхана қоры мен қызметтерін цифрландыру аясындағы Арменияның тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айтты. Шара барысында Армения Ұлттық кітапханасының Қазақ әдебиеті орталығына қазақ жазушыларының кітаптары табысталды.