00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ОСК жаңадан тағайындалған сенаторларды тіркеді

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
ОСК жаңадан тағайындалған сенаторларды тіркеді
ашық дереккөз

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалған Сенат депутаттарын ресми тіркеді, деп хабарлады Elorda.info.

Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап сіздер ҚР Сенаты депутаты ретіндегі өкілеттеріңіз басталды. Сіздер еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы ҚР Парламенті депутаттары болдыңыздар. Сонымен қатар 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттары депутаттары сайлауына байланысты жаңа құрам сайланғанға дейін сіздер Сенат депутаттары ретінде Конституциялық заңдарды қабылдау бойынша міндеттерді орындайсыздар. Сіздерге сәттілік тілеймін, – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ, ресми тіркелген Сенат депутаттарына куәлік пен төлбелгі табысталды.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Сенаттың 13 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан еді.