00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дмитрий Легкий Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дмитрий Легкий Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді
ашық дереккөз

Орталық сайлау комиссиясы Дмитрий Максимович Легкийді Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлады Elorda.info ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және Қазақстан Халық партиясы Бюросының 2022 жылғы 22 қазандағы № 279/02-30 қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дмитрий Максимович Легкийге берілсін.

2. Дмитрий Максимович Легкий Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3. Дмитрий Максимович Легкийге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын, – делінген хабарламада.