00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Іздеу-2022»: Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығуы өтіп жатыр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Іздеу-2022»: Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығуы өтіп жатыр
ашық дереккөз

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің барлау органдары мен бөлімшелері «Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуына қатысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Бірлескен оқу-жаттығу Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» және «Гвардейск» полигондарында өтіп жатыр.

«Іздеу-2022» оқу-жаттығуының мақсаты бойынша басқару органдары мен контингенттер бөлімшелері ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік өңіріндегі қарулы қақтығысты оқшаулау іс-қимылын пысықтайды.

Оқу-жаттығу барысында Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін топтастыру және бірлескен операцияны дайындауда тез өзгеретін жағдайды ескере отырып, үздіксіз барлау жүргізу де ұйымдастырылды.

ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қолбасшысы қабылдаған шешімді орындау кезінде барлаушыларға арнайы барлау құралдарын қолдана отырып, қарсыластың жасақтарын анықтау міндеттері жүктелді.