ҰҚШҰ Ресей-Украина қақтығысына араласа ма – ҚР СІМ жауап берді
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Ресей мен Украинаның қақтығыс аймағына қатысуы мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Тұтастай алғанда, ҰҚШҰ жауапкершілік аймағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық танылған аумақтарымен нақты белгіленген. Және Ұжымдық қауіпсіздік осы аумақтар шегінде қамтамасыз етіледі. Осылайша, ҰҚШҰ-ның Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аймағына қатысуы мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, - деді ол.
СІМ ресми өкілінің айтуынша, Қазақстан халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың дербес теңдігі мен бейбіт өмір сүру ұстанымдарын ұстанады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:41
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Бүгін, 00:40
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды
20 қараша, 2024
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты берік байланыс орнатты – Тоқаев