00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордаға Астана атауы әбден лайық – депутат

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордаға Астана атауы әбден лайық – депутат
ашық дереккөз

Бүгін Парламенттің бірлескен отырысынан соң журналистер депутаттардан Нұр-Сұлтан қаласын Астана деп атау идеясы кімге және қалай келгенін сұрады. Бұл сауалға Мәжіліс депутаты Айдос Сарым өз пікірін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

1 қыркүйек күні Жолдау жарияланғанда мұндай ой да, жоспар да ешкімде болған жоқ. Бұл – депутаттардың ұсынысы. Түрлі отырыстарда және әлеуметтік желілерде және баспасөз беттерінде талқыланып туындаған, – деп жауап берді Айдос Сарым.

Сондай-ақ депутат елімізде алдағы 5-7 жыл ішінде жаңа саяси дәстүр мен сайлау мәдениетін қалыптастыру қажет екенін айтты. 

Алдағы  5-7 жыл ішінде жаңа саяси дәстүр мен сайлау мәдениетін қалыптастыру керек. Сол үшін де елімізге саяси тұрақтылық және елдің бірлігі қажет. Алдағы 10 жылдығымыз артта қалған 30 жылдығымыздан қиын болуы ықтимал, - деді депутат.

Сонымен қатар Айдос Сарым астана атауына қатысты өз пікірін білдірді. 

Жалпы әлеуметтік желіде болсын, әлеуметтанушылардың зерттеулері болсын, көбінде осы Астана атауының айналасында жиналған. Менің ойымша, Астананың өзін жарнамалауға қыруар қаражат жұмсалды. Үлкен іс-шаралар өткізілді. Әлем де біледі. Естілуі де жақсы, жазылуы да әдемі. Менің ойымша, елордаға Астана атауы әбден лайық, – деді Мәжіліс депутаты.