00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорданың бұрынғы атауын қайтаруды депутаттық топ ұсынды – министр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың бұрынғы атауын қайтаруды депутаттық топ ұсынды – министр
ашық дереккөз

Бұл туралы бүгін Парламентте Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлады Elorda.info

Елорда атауын өзгерту мәселесін азаматтар ұзақ уақыт бойы кеңінен талқылауда. Ол кездесулер барысында және референдум кезінде азаматтардың үндеулерінде көтерілді. Сондықтан қоғамдық пікірді ескере отырып, депутаттардың бұл ұсынысы заң жобасына енгізілді. Елорданың атын өзгерту бойынша бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды. Осылайша, заң жоба аясында көзделген конституциялық новеллалар Мемлекет басшысының саяси бастамалары мен депутаттардың ұсыныстарын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл саяси жүйенің мүлдем жаңа стандарттарын белгілейді, – деді Қанат Мусин.

Жиында министр «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.