00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
ашық дереккөз

Отырыс Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын талқылаудан басталды. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев блокчейн технологиясы мен орталық банктердің цифрлық валюталарын пайдаланудың және енгізудің перспективаларына назар аударды.

Аталған мәселе бойынша Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабарти, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова баяндама жасады.

Президент жалпы ұсынылған әдістерді қолдап, блокчейн технологиясы мен орталық банктердің цифрлық валюталарын пайдаланудың және енгізудің перспективаларына назар аударды.

Мемлекет басшысы қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерге де тоқталды. Келтірілген статистикалық деректерге сәйкес мұндай ұйымдар биылғы бес айдың ішінде 17 мыңнан астам үлескердің құны 27 миллиард теңгеден асатын дүние-мүлкін иеленіп алған.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың нақты секторын банктердің белсенді несиелеуі жөнінде шаралар қабылдауды келесі маңызды міндет ретінде атап өтті. Сондай-ақ осы саладағы бірқатар проблемаға назар аударып, қаржы реттеушілеріне бұл мәселеге баса мән беруді және оны нақты шешу жолдарын ұсынуды тапсырды.

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің, Үкіметтің әрекет ету тетіктерін банк өтімділігінің ағынын кәсіпорындарды, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдауға қарай бағыттау аса маңызды міндет екенін атап өтті. Отырыс барысында елімізде қауіпсіз атом және сутегі энергетикасын дамыту жөніндегі шараларға баса мән берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады.

Президент МАГАТЭ деректерін мысалға келтірді. Бұған сәйкес әлемдегі қуат көздерінің 10 пайызы атам энергетикасының үлесінде. Сол себепті аталған сектор көмір (36,7%), газ (23,5 %) және гидроэнергетика (16 %) салаларынан кейін төртінші орында тұр.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда әлемнің 32 елінде 440-тан астам ядролық реактор бар екенін және 20-ға жуық мемлекет өз аумағында атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастырып отырғанын атап өтті. Олардың қатарында біздің елімізден бөлек, Чили, Индонезия, Алжир, Филиппин, Эфиопия, Сенегал және басқа да мемлекеттер бар.

Президенттің айтуынша, технологияларды жеткізушілердің шорт-парағын айқындау маңызды және онда баға өлшемдерінен бөлек технологиялардың сенімділігіне баса мән берілуге тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев білім алудың және өндірістік құзыретке қол жеткізудің аса маңызды екенін айтты.

Президент Түркияның «Аккую» АЭС-ін салудағы тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырды. Күн тәртібінде соңғы қаралған мәселе – көші-қон саясатын жетілдіру. Бұл тақырып бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндама жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге түсіндірме жасай келіп, экономиканың дамуы мен ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыратын тиімді еңбек миграциясының маңыздылығына назар аударды.

 Сондай-ақ Президент Түркияның «Аккую» АЭС-ін салудың тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырды.